На нашем сайте вы можете читать онлайн «ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ». Эта электронная книга доступна бесплатно и представляет собой целую полную версию без сокращений. Кроме того, доступна возможность слушать аудиокнигу, скачать её через торрент в формате fb2 или ознакомиться с кратким содержанием. Жанр книги — Зарубежная литература, Зарубежная поэзия. Кроме того, ниже доступно описание произведения, предисловие и отзывы читателей. Регулярные обновления библиотеки и улучшения функционала делают наше сообщество идеальным местом для любителей книг.
ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ

Автор
Дата выхода
26 февраля 2017
ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ читать онлайн полную книгу - весь текст целиком бесплатно
Перед вами текст книги, разбитый на страницы для удобства чтения. Благодаря системе сохранения последней прочитанной страницы, вы можете бесплатно читать онлайн книгу ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ без необходимости искать место, на котором остановились. А еще, у нас можно настроить шрифт и фон для комфортного чтения. Наслаждайтесь любимыми книгами в любое время и в любом месте.
Текст книги
Атаның харекетін ұстай алды,
Өнері артық шығып, жан таң қалды.
Алушылар көбейіп мұның ісін,
Бұрынғыдан артылып мал құралды.
Бір күні лəпкесінде отыр еді,
Торғын тон, алтын кемер бір шал келді.
Не қылса бір құрметті адам ғой деп,
Əзім тұрып, иіліп сəлем берді.
Сəлемін алды, шал да амандасты,
Қасына жуық келіп жақындасты.
– Жат жердің адамы едім, е, шырағым,
Не харекет қыласың? – деп сұрасты.
– Жасымнан жетім едім көңлі сынық,
Өнерім артық емес ондай ұлық.
Еңбекпенен көз сүзбей күн көремін,
Харекетім – суретші, бояушылық.
– Мінезің, түсің жақсы надан дерге,
Артық өнер қиын ба талапты ерге?
Тесілген күні бойы сендей жасты
Аяймын, өнімі жоқ бұл өнерге!
Бұл сөзге Əзім тұрып ашуланды,
– Тұрпайы сөйлейсіз, – деп қарай қалды.
Атамның харекетін қорлама, бай,
Аш емен, болмасам да сендей малды.
– Қорламаймын һəм, балам, зорламаймын,
Тесілген күні бойы сені аяймын.
Химия ғылымын білуші ем, үйретер ем,
Мысты алтын жасаушы ем, алдамаймын.
Шын өнерге қайтер ең көзің жетсе?
Əркімге жарамайды мұны үйретсе.
Өзі үлкен, өзі оңай, артық өнер,
Аз жұмыспен көп алтын хасил[3 - Хасил (арабша) – пайда, өнім.] етсе.
Мен дағы жүргенім жоқ малдан күсіп,
Айттым, балам, басыңа мейірім түсіп.
Ертең ерте мысыңмен дайын болып,
Көңліңнің дəркүмəнін алшы шешіп.











