На нашем сайте вы можете читать онлайн «ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ». Эта электронная книга доступна бесплатно и представляет собой целую полную версию без сокращений. Кроме того, доступна возможность слушать аудиокнигу, скачать её через торрент в формате fb2 или ознакомиться с кратким содержанием. Жанр книги — Зарубежная литература, Зарубежная поэзия. Кроме того, ниже доступно описание произведения, предисловие и отзывы читателей. Регулярные обновления библиотеки и улучшения функционала делают наше сообщество идеальным местом для любителей книг.
ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ

Автор
Дата выхода
26 февраля 2017
ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ читать онлайн полную книгу - весь текст целиком бесплатно
Перед вами текст книги, разбитый на страницы для удобства чтения. Благодаря системе сохранения последней прочитанной страницы, вы можете бесплатно читать онлайн книгу ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ без необходимости искать место, на котором остановились. А еще, у нас можно настроить шрифт и фон для комфортного чтения. Наслаждайтесь любимыми книгами в любое время и в любом месте.
Текст книги
Əуелі хақтығына жетсін көзің,
Серт қылдым ғой үйретпек болып өзім.
Ертең ерте сол жерден табыспаққа,
Екеуі уəде байлап, қойды сөзін.
Шал кетті, аң-таң бала үйге қайтты,
Көргенін апасына келіп айтты.
Химия ғылымы бар дейтін, сүйтсе дағы
Анасы басын шайқап, ішін тартты.
– Апар да мыс бақырды алдына сал,
Алтын болса, болады бір талай мал.
Жалғызым, не қылсаң да сақ болып жүр,
Жəдігөй боп жүрмесін антұрған шал.
Бала айтты: – Тəңірім қақса, бенде не етер,
Жалған болса, білінер, қор боп кетер.
Шын болып, уəдеге бармай қалсақ,
Ғапылдықтан айырылған ызасы өтер.
Не қылса, сол күн бала шала ұйықтайды,
Өтірік, расын ойланып таба алмайды.
Мыс бақырын қолына алды дағы,
Лапкеге күндегіден ерте барды.
Шал дағы дереу дайын бола қалды,
Бір дорбадан көмір мен көрік алды.
Екеуі сəлемдесіп болғаннан соң:
– Мысың қайда, балам? – деп дігір салды.
Мыс бақырды сындырды талқан қылып,
Көмірге салды мысты, дүкен кұрып.
Мыс былқылдап еріген кезінде шал
Шөншіктен[4 - Шөншік – дорба (көне сөз).] ұсақ қара алды қырып.
Алды да ол дəрісін, мысқа салды,
Былқылдаған бұрқылдап мыс шайқалды.
Бір нəрсемен азырақ бұлғалақтап,
Алтын қып суынған соң қолына алды.
Алтынын алып берді қолындағы:
– Сарапқа сал бар дағы шарыңдағы
Алтын емес деп біреу айтса, балам,
Алдамшы, амалым жоқ, болдым дағы.
Конец ознакомительного фрагмента.











